Душанбе мен Ташкент ортақ шекараны минадан тазартпақ

Тәжікстан мен Өзбекстан шекарасындағы мина тазарту жұмыстары.

Өзбекстан мен Тәжікстан екі елдің шекарасын минадан тазарту мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобын құрды. Тәжік билігінің мәліметдеуінше, ортақ шекараны минадан тазарту жұмыстары мамырдың ортасынан басталады. 17 сәуірде Тәжікстаның ұлттық минадан тазарту орталығының директоры Мухаббат Иброхимзода бірлескен жұмыс тобы аймақты жарылғыштардан тазарту операцияларына дайындалып жатқанын айтқан.

Жұмыс тобына шекара әскерінің өкілдері де кіреді. Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара әскері бас басқармасының баспасөз хатшысы Мұхаммад Улугходжаевтың айтуынша, өзбек-тәжік шекарасының нақты қай бөлігіне мина қойылғаны, оның жалпы аумағы - құпия ақпарат. Кей мәліметтерге қарағанда, өзбек-тәжік шекарасының 9,5 шаршы шақырымында мина бар.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің биыл наурызда Тәжікстанға мемлекеттік сапары кезінде екі ел президенттері шекараны минадан тазартуды 2019 жылдың соңында аяқтауға келіскен.

Тәжікстан билігінің дерегінше, соңғы жиырма жылда шекарадағы миналардан 800-ден астам тәжікстандық зардап шеккен.