Алматыда әділет департаменті ғимаратына "бомба қойылғаны" туралы хабар түсіп, ондағы адамдар эвакуацияланды деп хабарлады жергілікті агенттіктер.
"Алматының әдклет департаментіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Ол жерге қаланың барлық төтенше жағдай қызметі барды" деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.
Әлеуметтік желіде тараған видеода департамент ғимаратын полиция мен өрт сөндіру қызметкерлері қоршап алғаны байқалады.
Алматыда бұған дейін де бірнеше рет түрлі ғимараттарға "бомба қойылғаны" туралы хабар түсіп, оның барлығында ақпарат жалған болып шыққан.