Жамбыл облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Жамбыл облысының картасы

21 сәуір таңғы жетіде Жамбыл облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Батыс Еуропа-Батыс Қытай тас жолының 205 шақырымында, Қордай ауданы Соған ауылының маңында болған. Ішінде 17 жолаушысы бар шағын автобус аударылған. 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген.

Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тексеру және экспертиза жүріп жатыр.

Қазақстанда жол апатынан жыл сайын мыңдаған адам қаза табады. Бұл ел әлемде жол апаты ең көп болатын елдердің қатарына енеді.