Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің ішкі істер бойынша кеңесшісі Новруз Мамедов ел премьер-министрі болып сайланды. Оның кандидатурасын Әлиевтің өзі ұсынды. Милли Меджлис (парламент) депутаттары президент ұсынысын бірауыздан мақұлдады.
Оқи отырыңыз: Өмір бойы билікте отыра алатын президенттер
Биліктегі "Жаңа Әзербайжан" партиясын басқаратын Илхам Әлиев 11 сәуірде өткен президент сайлауында жеңіске жеткен. Ол осымен қатарынан төртінші мерзімге президент болып сайланды. Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы бұған дейін Әзербайжандай сайлауда сайлаушыларға "жауапты таңдау" жасауға мүмкіндік берілмегенін мәлімдеген.