ҚКФ Елеусінов пен Құшақбаевтың жазасын жеңілдетуді сұрады

Әмин Елеусінов.

Қазақстан кәсіподақтар федерациясы түрмеде отырған Oil Construction Company кәсіподағының жетекшілері Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаевтың жазасын жеңілдетуді сұрайды.

Федерация 20 сәуірде жариялаған үндеуінде Қазақстан Жоғарғы соты, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінен Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақпаевтың кәмелетке толмаған балалары болуына байланысты түрме жазасын шартты жазаға ауыстыруды сұрады.

2017 жылы 7 сәуірде Астана қаласының Алматы аудандық 2-соты Нұрбек Құшақбаевты "заңсыз ереуілді жалғастыруға арандатты" деген айыппен екі жарым жылға, Әмин Елеусіновті - "кәсіподақтың сеніп тапсырған қаржысын жымқырды" және "полицейлерге тіл тигізді, бағынбады және оларға күш қолданды" деген айыптармен екі жылға соттаған.

Сотталушылар үкіммен келіспейді. Құқық қорғаушылар бұл істерден саяси астар көреді.

Бұған дейін Халықаралық кәсіподақтар ұйымы конфедерациясы (ITUC) Қазақстан билігін Әмин Елеусінов пен Нұрбек Құшақбаевты босатуға шақырған.

ВИДЕО: Нұрбек Құшақбаевты 2,5 жылға соттады (07.04.2017)

Your browser doesn’t support HTML5

Нұрбек Құшақбаевты 2,5 жылға соттады