Еуродепутаттар Ресейдегі әлем кубогына бармауға шақырды

Брюссельдегі Еуропарламент отырысы.

Исландия мен Ұлыбритания үкіметі биыл Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатына бармайтындарын мәлімдеді. 20 сәуірде Еуропарламенттің ондаған депутаты ашық хат жазып, бүкіл Еуропа одағы елдерінің үкіметтерін Ресейдегі әлем чемпионатына бармауға шақырды.

Ашық хатқа Еуропарламенттегі 751 депутаттың 60-ы қол қойған. Ашық хат жазуды "жасылдар" фракциясының өкілі германиялық Ребекка Хармс ұсынған.

Еуропарламент депутаттары "Ресей Скрипальды ұлады, Сирияда бейбіт тұрғындар тұрып жатқан аумақты бомбалады, Украинада әскери қимылдарға қатысты, хакерлік шабуылдар жасады" деп айыптайды.

Футболдан әлем чемпионаты 14 маусым-15 шілдеде өтеді.