21 сәуірде Армения президенті Армен Саркисян Ереванда шерушілермен кездесті. Митингке шыққандар президентті қошеметпен қарсы алып, "Президент, Сержді кетір!" деп айғайлады.
Саркисян ереуілшілерді тарауға шақырды. 21 сәуірде премьер-министрлікке тағайындалған Серж Саргсян елдегі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жариялаған. Премьер-министрдің ресми сайтында шыққан мәлімдемеде Саргсян оппозиция өкілі, ереуілшілердің басында жүрген Никол Пашинянды саяси келіссөз жүргізуге шақырған.
20 сәуірде Еревандағы Республика алаңындағы митингте сөз сөйлеген оппозициялық "Азаматтық келісім" партиясының лидері Никол Пашинян билікпен келіссөз жүргізуден бас тартқан.
Ондаған жыл ел басқарған Саргсян президенттіктен кетер алдында Армения Конституциясы өзгертіліп, ел парламенттік басқару жүйесіне өткен. Елдегі билік үкімет басшысының қолына тиді. Оппозиция "Саргсян билікті басып алды" деп айыптайды.
Еревандағы шеру тоғызыншы күнге ұласты. 21 сәуір 2018 жыл.
Your browser doesn’t support HTML5