Париждегі терактілерді ұйымдастырушы 20 жылға сотталды

Париж полицейлері Салах Абдесламды конвоймен алып барады. Франция, 20 мамыр 2016 жыл.

Бельгияда Париждегі террорлық актілерді ұйымдастырды делінген басты күдікті Салах Абдеслам 20 жылға сотталды. Брюссель соты Абдесламға өзін ұстайтын кездегі полициямен атысқаны бойынша үкім шығарды. Сот оны теракт жасау мақсатында полицейді өлтірді деп айыптады.

Бельгиядағы соттан соң Абдесламның үстінен Францияда сот болады.

2015 жылы қарашада Парижде терроршылар бірнеше жерде шабуыл жасап, 130 адамды өлтірген. Шабуылға қатысқан жалғыз тірі қалған Салах Абдеслам терактілерден соң Бельгияда жасырынып жүрген. Абдеслам ұсталғаннан біреше күн өткенде Брюссельде жарылыстар болып, 35 адам қаза тапқан.