Бакудегі Формула-1 жарысы қалай өтті?
Формула-1 жарысы Бакуде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. 2016 жылы өткен жарыс "Еуропа Гран-приі" деп аталған. Былтырдан бері бұл жарыс "Әзербайжан Гран-приі" деп аталады.
Бакудегі жарысқа 20 автошабандоз қатысты. Олардың жетеуі жарысты аяқтай алған жоқ.
Формула-1 жарысы Баку көшелерінде өтті.
Жарысты тамашалауға Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен әйелі Мехрибан Әлиева келді.
Бакудегі жарыста былтырғы әлем чемпионы Льюис Хэмилтон (Ұлыбритания, Mercedes) жеңіске жетті.
Әзербайжан - постсоветтік елдер арасында формула-1 жарысын ұйымдастырған екінші ел. 2014 жылдан бері "Ресей Гран-приі" өтіп келеді.
Формула-1 Гран-приінің алдағы кезеңдері Испания, Монако, Бахрейн, Сингапур, Австрия, Германия, Испания, Жапония, АҚШ, БАӘ, Мексика, Бразилияда өтеді.
Жарысты тамашалауға келген жанкүйерлер.
Әзербайжан билігі бұл жарысты ұйымдастыруға миллиондаған доллар жұмсады.
Әзербайжан формула-1 жарысын 2019 жылы да өткізбек.
"Әзербайжан Гран-приінде" жеңіске жеткен Льюис Хэмилтон (Ұлыбритания, Mercedes) мәреге 1 сағат 43 секундта келді. Екінші орын алған Кими Райкконен (Финляндия, Ferrari) екі секунд, үшінші орын иеленген Серхио Перес (Мексика, Force India) төрт секунд кешігіп келді. Жеңімпаздарды Ильхам Әлиев марапаттады.