Қырғызстанда жоғалған жылқылар Қазақстаннан табылды

Жылқылар.

Екі апта бұрын Қырғызстанның Талас облысы Манас ауданында жоғалған 115 жылқы Қазақстаннан табылды.

Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, жылқылар Гродиково ауылынан табылған. Келіссөздерден кейін Қазақстан 107 жылқыны қайтарған. Полиция мәліметінше, қалған жылқы өліп қалған

Малдың жоғалғаны 17 сәуірде белгілі болған. Жылқылар екі елдің шекарасындағы "Иван-Караван" жайлауында жайылып жүрген. Жылқылар "Кок-Добо" ауылының жеті тұрғынына тиесілі.