АҚШ бас прокуратурасы және ішкі қауіпсіздік министрлігі ел шекарасын заңсыз кескендер заңмен жазаламақ. Бұл туралы 7 мамырда АҚШ бас прокуроры Джефф Сешнс Аризона және Калифорния штатының құқық қорғау органдары қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде айтты.
"Шекара заңын бұзғандар және адам саудасымен айналысқандарды заңмен қудалаймыз. Егер кімде-кім Америкаға заңсыз бала әкелуге тырысса, оны ұстаймыз. Баласынан орталықтарға тапсырып, өзін заңға сай жазалаймыз. Егер бұл заң ұнамаса балаларыңызды шекарадан өткізуді доғарыңыздар" деді Сешнс.
Наурызда шекарадан өтпек болған 40 мың адам ұсталған. Заң бұзғандардың көбі - Орталық Америка елдерінің азаматтары.