Шымкент пен Таразда жер сілкінді

Көрнекі сурет

9 мамыр күні Қазақстанның Шымкент және Тараз қалаларында жер сілкінді. Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті хабарлады.

Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 764 шақырым жерде, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінуі жергілікті уақытпен 16.41-де тіркелген.

Білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістемелік-зертханалық орталығының хабарлауынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 14,5 болған. Ал Шымкент пен Таразда жер дүмпуінің қуаты 2 балға жеткен.