Ақтөбеде митингіден соң ұсталған екі адам қамалды

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде 10 мамыр күні облыстық әкімдік алдындағы алаңға шығып, саяси тұтқындарға бостандық сұраған 14 адамның екеуі әкімшілік сот қаулысымен қамауға алынды, қалған 12 адамға ескерту берілді. Бұл туралы Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі xабарлады.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 1-бөлімі бойынша айыпталған ақтөбеліктер Әлібек Молдин мен Берік Оразов бір тәулікке қамалды" деп xабарлады облыстық сот.

10 мамыр күні Қазақстанның Астана, Алматы, Орал, Ақтөбе, Атырау, Семей және Шымкент қалаларында наразылық шаралары өткен. Наразылар "саяси тұтқындарды қамаудан босатуды" талап еткен.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы наразылық жайлы барлық ақпарат

Митингілерден кейін ондаған қатысушыларды полиция ұстап, бірқатарына әкімшілік жаза кесілді.

Видео: Полиция наразыларды қалай ұстады?

Your browser doesn’t support HTML5

Астанадағы наразылық