Пхеньян АҚШ саммитінен "бас тартуы мүмкін"

Ким Чен Ын мен Дональд Трамп.

15 мамырда Пхеньян ресми мәлімдеме жариялап, 12 маусымға жоспарланған АҚШ-Солтүстік Корея саммитінен бас тартуы мүмкін екенін хабарлады.

Пхеньянның мәлімдеме жасауына АҚШ пен Оңтүстік Кореяның біріккен әскери жаттығуы себеп болған.

"АҚШ Оңтүстік Кореямен әскери жаттығу өткізбес бұрын алда жоспарланған саммит туралы ойлануы тиіс" деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Солтүстік Корея алдағы күндерге жоспарланған Оңтүстік Корея делегациясымен кездесуден де бас тартқан. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хишер Нойерт саммиттің болмайтыны туралы естімегенін, Ақ үй алдағы кездесуге дайындалып жатқанын айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесу 12 маусымда Сингапурде өтетінін жазған.