Пхеньян ядролық сынақ полигонын "жойды"

Пхунгери полигонының спутниктен түсірілген суреті.

Солтүстік Корея билігі Пхунгери полигонындағы үш сынақ шахтасын жойғанын хабарлады. Ядролық полигондардың жою процесіне шақырылған журналистер Пхунгери жақтан будақтаған қалың түтін көргендерін айтқан.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, үш шахта, бақылау мұнарасы және полигон жойылған. Ресми Пхеньян ядролық полигондарды жою кезінде зиынды заттар қоршаған ортаға тарамағанын мәлімдеген.

Ядролық полигонның демонтажына халықаралық бақылаушылар мен сарапшылар шақырылған жоқ.

Пхунгери полигоны - Солтүстік Кореядағы ең ірі сынақ алаңы. Бұл полигонда 2017 жылы қыркүйекте сынақ өткен. Сәуірдің соңында Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын арасындағы кездесуде Пхеньян сынақ алаңдарын демонтаж жасайтынын айтқан.

Ким Чен Ынның Оңтүстік Кореяға сапары