25 мамырда болатын Соңғы қоңырау кезінде Астана мектептерінде дәстүрлі шар ұшыру рәсімі болмайды. Бұл туралы қалалық әкімдік ресми сайтында хабарлады.
"Қалалықтардың сұрауы бойынша мектептерде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шарлар ұшырылмайтын болды" деп жазылған әкімдік сайтында.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, биыл қалада алты мыңға жуық оқушы мектеп бітіреді. Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда биыл 146 мың түлек аттестат алатынын хабарлады.
Бұған дейін шетелде тұратын қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов өз жақтастарын көшеге көк шар ұстап шығуға шақырған. 22 наурызда Астанада көшеге көк шармен жүрген бірнеше адамды полиция ұстаған.
Полиция көк шар ұстаған адамдардың құжатын тексеріп, қайта жіберген. Кейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шармен келген адамдарды ұстаған туралы ақпаратты білмейтінін хабарлаған.
Видео: Көк шармен жүргендерді полиция ұстады. 22.03.2018
Your browser doesn’t support HTML5