Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады

Алматы облысындағы мектептердің бірінде соңғы қоңырау шарасы өтіп жатыр

Бүгін Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау соғылады. Салтанатты шара республиканың барлық мектептерінде болады.

Ресми БАҚ мәліметінше, биыл 147 мың оқушы мектеп бітіреді. Шамамен 7 мың түлек “Алтын белгіден” үміткер. Ал ұлттық біріңғай тестілеуге шамамен 102 мың түлек өтініш берген.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі 2017-2018 жылғы мектеп бітіруші түлектерге аттестар тапсыру рәсімін 15 маусымға белгілеген. Мемлекеттік бітіру емтихандары 29 мамыр мен 9 маусымға дейінгі аралықта болады.