Мәскеу мэрі Сергей Собянин 9 қыркүйекте өтетін мэр сайлауына түспек. Мәскеуді 2010 жылдан бері басқарып келе жатқан Собянин бұл туралы 27 мамыр күні ресми вебсайтында мәлімдеме жариялады.
Мәлімдемеде Собянин өз әкімшілігінің "қызметі толық аяқталмағанын, дегенмен, жұмыстың ең қиын және ауыр кезеңі артта қалғанын" айтады.
Оппозициялық саясаткер Илья Яшин 11 сәуір күні мэр сайлауына қатысатынын мәлімдеген. Оның кандидатурасын оппозиция лидері әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді Алексей Навальный қолдаған. Навальныйдың өзі 2013 жылы Мәскеу мэрі сайлауына қатысып, 27 пайыз дауыс жинаған еді.
59 жастағы Сергей Собянин бұрын Түмен облысының губернаторы, вице-премьер және президент әкімшілігінің басшысы болған. 2010 жылы оны сол кездегі президент Дмитрий Медведев Юрий Лужковтің орнына Мәскеу мэрі етіп тағайындаған.