Іс басындағы "Нұр Отан" партиясының позициясын күшейту керек деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл туралы президент Астанада "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кезекті кеңейтілген жиынында айтты.
Жиында партияның Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру және іске асыру барысына мониторинг жасау және президенттің былтыр партия саяси кеңесі отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланып жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отанның" елдегі басты саяси күш, "жүргізіліп отырған модернизацияның тірегі" ретіндегі рөлін одан ары күшейту керегін айтты.
Саяси кеңес жиынына кеңестің барлық мүшесі, мемлекеттік органдардың басшылары, партия аппаратының өкілдері қатысып жатыр.
"Нұр Отан" партиясының саяси кеңесі құрамында елдің барлық аймақтарының өкілдерінен 100 адам бар.