Мәскеу мэриясы оппозицияның митинг өткізуіне рұқсат берді

Лев Пономарев, құқық қорғаушы, оппозиция митингісін ұйымдастырушылардың бірі.

Мәскеу мэриясы оппозицияның 10 маусым күні академик Сахаров атындағы даңғылда митинг өткізуіне рұқсат берді деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы.

Митингіні ұйымдастырушылардың бірі Лев Пономаревтің айтуынша, митинг 12 маусымда тойланатын Ресей күніне орай өткізіледі. Акцияны ұйымдастырушылар жиында Мәскеуде және басқа да қалаларда адам құқығын бұзу оқиғаларына назар аудармақ ниетте.

Митингіге 10 мыңға дейін адам қатысады деп жоспарланып отыр. Пономаревтің сөзінше, акцияны ПАРНАС, "Яблоко" партиялары мен "Гражданская инициатива" тобы қолдап отыр. Ұйымдастырушылар оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйға да акцияға қосылуды ұсынған. Бірақ Навальныйден мэрияға өтініш тапсыратын соңғы сәтке дейін жауап болмаған.