Парламент палаталары 15 маусымда бірлескен отырыс өткізеді

Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы (Көрнекі сурет).

Қазақстан парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 15 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкім шығарды деп хабарлады ресми БАҚ. Бірлескен отырыс сол күні сағат 10-да басталады. Бірлескен жиында қандай мәселе қаралатыны хабарланбады.

Қазақстанда парламент палаталарының бірлескен отырысы әдетте парламент каникулға кетерде немесе жаңа сессия қарсаңында өткізіледі.