Түркістанда 7 жастағы қыз 5-қабаттан құлап қайтыс болды

Түркістандағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында ойнап жүрген балалар (Көрнекі сурет).

Маусымның 8-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде жеті жастағы қыз абайсызда бесінші қабаттан құлап қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"8-маусым күні таңғы сағат 07:40-та Түркістан қаласындағы бірінші шағын ауданында көпқабатты үйлердің бірінде 2011 жылы туған қыз бесінші қабаттан абайсызда құлап кетіп, ауруханада қайтыс болды" делінген хабарламада.