Түркістанда екі адам суға батып өлді

Суға шомылып жүрген балалар (Көрнекі сурет).

Түркістан қаласының іргесіндегі Ұшқайық ауылында екі адам суға батып қайтыс болды. Бұл туралы маусымның 8-і күні Азаттыққа облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департамент мәліметінше, 7 маусым күні 1981 жылы туған әкесі мен 2013 жылы туылған баласы ауыл жанындағы Сырдария өзеніндегі рұқсат етілмеген шомылу аймағына барып шомылып, кешкі сағат 19:20-да суға батып кеткен. "Жедел іздестіру тобы мен тұрғындардың туыстары маусымның 8-іне қараған түні суға батқан әкесінің, таң ата баласының өлі денесіп тапты" делінген хабарламада.