АҚШ әскерилері Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава аралдары маңында теңізде әскери-әуе күштерінің F-15C ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлады. Әскери-әуе күштері 11 маусымда таратқан мәлімдемесінде ұшқыштың катапультпен секіріп кетіп, тірі қалғаны айтылады. Ұшақ апатының себептері анықталып жатыр.
F-15C ұшағы Окинавадағы Кадена әуе базасынан жаттығу мақсатында ұшып шыққан.
Жапониядағы АҚШ-тың 50 мыңға тарта әскерінің жартысына жуығы Окинавада орналасқан.