Ауғанстанның солтүстігіндегі Сар-е-Пул уәлаятының Сайяд ауданында "Талибан" содырлары қауіпсіздік күштерінің кем дегенде 14 қызметкерін өлтірді деп хабарлады уәлаят кеңесінің мүшесі Нур Ага Нури. Шабуылдан кем дегенде тағы 25 адам жараланды. Нури бұған қоса жараланған тағы төрт сарбазды содырлар кепілге алғанын айтты.
Елдің шығысындағы Ғазни уәлаятында Humvee әскери көлікгін мінген, денесіне бомба байлаған жанкешті ауған қауіпсіздік күштерінің кем дегенде бес адамын өлтірді.
Ғазни уәлаяты губернаторының ресми өкілі Ариф Нури шабуыл 12 маусым күні таңертең болғанын хабарлады. Нуридің сөзінше, шабуылдан кем дегенде 26 адам, оның ішінде аудан басшысы 18 полиция қызметкері жараланған.
Шабуыл жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ Ариф Нури "Талибан" содырлары Humvee көлігін 12 маусым күні таңертең ауған қауіпсіздік күштерімен басқа жақта болған шабуылда тартып алғанын айтады.