Бүгін Македония мен Грекия сыртқы істер министрлері бұрынғы югославиялық республиканың жаңарған атауына қатысты тарихи келісімге қол қойды. Министрлер Никола Димитров пен Никос Коциас келісімге Македония, Грекия және Албания шекарасындағы Преспа көлі жағасындағы резиденцияда қол қойған.
Қол қою рәсіміне Македония премьер-министрі Зоран Заев пен оның грекиялық әріптесі Алексис Ципрас, сонымен бірге БҰҰ-нан араағайындық еткен Мэтью Ниметц пен еуропалық ресми тұлғалар қатысқан.
Скопье мен Афина арасында 27 жылға созылған дауды аяқтауды мақсат еткен келісімге сәйкес, Македония бұдан былай Солтүстік Македония Республикасы деп аталатын болды.
Оқи отырыңыз: Грекияда "Македония" атауын қолдануға қарсы шықты
Бұл келісімді енді екі елдің парламенттері мақұлдағаннан кейін Македония тұрғындары бұл мәселе жайлы пікірін референдум арқылы білдіреді.
Оқи отырыңыз: Македония президенті Грекиямен келісімнен бас тартты