Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин 29 маусымға парламент палаталарының біріккен отырысын белгіледі. Нығматулиннің бұл туралы өкімін парламенттің баспасөз қызметі жариялады.
Бұған дейін мәжіліс пен сенаттың біріккен отырысы 15 маусымда ғана өткен. Депутаттар ол кезде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ миссиясы аясында Ливанға қазақстандық әскерилерді жіберу туралы ұсынысын мақұлдаған. Назарбаев "БҰҰ-ның уақытша күштері" миссиясы аясында Үндістан әскері құрамында Ливанға 120 әскери қызметкер жіберуді ұсынған.
Видео: Қазақстан әскері Ливанға қашан аттанады
Әдетте маусымның соңында парламент сессия жұмысын қорытындылайды. Сессия аяқталған соң депутаттар қыркүйекке дейін демалысқа шығады.