Украина үкіметі Ресейдің Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеніне байланысты тағы 30 заңды тұлға мен 14 жеке адамға санкция салды. Бұл туралы 22 маусымда Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хабарлады. Санкция тізімінде соңғы қосылғандарды есептегенде барлығы 1759 жеке адам мен 786 заңды тұлға бар.
Жаңадан санкция салынғандар арасында аннексияланған Қырым түбегінде Ресей сайлауын өткізуді ұйымдастыруға араласқан ресейлік саяси партиялар мен саяси институт - Ресей Орталық сайлау комиссиясы, "Единая Россия" партиясы, Либерал-демократиялық партия және Ресей коммунистік партиясы бар.
Ресейлік адвокат Аркадий Ротенберг пен оның отбасы мүшелеріне, Ресейдің қорғаныс саласындағы бірнеше кәсіпорнына және Луганскінің ұшақтарға техникалық қызмет көрсету зауытына да санкция салынған.
Украина шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында 2014 жылы көктемде басталған қақтығыстан 10300-ден астам адам қаза тапты.