Италиялық священник және бұрынғы дипломат Карло Альберто Капелла балалар порнографиясын сақтағаны үшін бес жыл түрме жазасына кесілген. Ватикандағы сотта кінәсін мойындаған Капелла Ватиканның Вашингтондағы елшілігінде қызмет атқарған кезде жеке өмірінде күйзеліске түскенін айтқан.
2017 жылғы тамызда АҚШ Мемлекеттік департаменті Ватиканды дипломатиялық миссиясы мүшелерінің бірі балалар порнографиясын сақтап жүрген болуы мүмкін деп ескерткен. Бірнеше аптадан соң АҚШ үкіметі Капелланы дипломатиялық иммунитеттен айыруды сұраған. Бірақ Ватикан олай істемей, күдіктіні Римге шақыртып алған.
Айыптаушы тараптың куәгері Капелланың электрондық құрылғыларын тексеру кезінде 40-тан астам тыйым салынған суреттер, сонымен бірге баланың қатысуымен түсірілген сексуалдық сипаттағы видео табылғанын айтқан.
Священник сот тағайындаған жазасын Ватикан полиция басқармасындағы шағын түрмеде өтейтін болады деп хабарлайды ВВС.