Сенбі күні Зимбабвенің Булавайо қаласында сайлауалды шеру кезінде жарылыс болып, бірнеше адам зардап шеккен. Жиынға Зимбабве президенті міндетін атқарушы Эммерсон Мнангагва қатысып, сөз сөйлеген. Жарылыстан зардап шеккендер арасында Зимбабве вице-президенті Константин Чивенганың әйелі Мэрри Чивенга зардап шеккен деп хабарланды. Жараланғандар туралы ресми ақпарат жоқ.
I can now confirm that Marry Chiwenga wife of Zimbabwe VP Constantine Chiwenga is one of the injured. President Mnangagwa has been to visit her in hospital 👇🏿 pic.twitter.com/VjixhkE3S7
— Trevor Ncube (@TrevorNcube) June 23, 2018
Куәгерлердің айтуынша, маңызды тұлғаларға (VIP) арналған шатырға жақын маңда болған жарылыстан бірнеше шенеунік пен биліктегі ZANU-PF партиясының қызметкерлері, күзет қызметінің адамдары зардап шеккен. Эммерсон Мнангагваны күзетшілері жарылыс болған жерден мемлекеттік резиденцияға дереу алып кеткен.
Жергілікті басылымдар жариялаған суреттерде оқиға болған жерде адамдарға құтқарушылардың көмек көрсетіп жатқаны көрсетілген.
#Zimbabwe: Several officials were injured at White City Stadium after an explosion close to where President Mnangagwa was for Zanu PF rally -@BusinessTimesZW reports📷@TafadzwaUfumeli pic.twitter.com/7YdPTmb1gD
— Christophe Hitayezu (@ChristopheHit) June 23, 2018
Зимбабведе президент сайлауы шілденің 30-ына тағайындалған. Сайлауға үш кандидат: президент міндетін уақытша атқарушы Эммерсон Мнангагва, оппозициялық MDC-T партиясының басшысы Нельсон Чамиза және демократтар коалициясын басқаратын Элтон Мангома түсіп жатыр.
Сарапшылар президент сайлауына түсіп жатқан саясаткерлердің ешқайсысы бірінші турда жеңіске жете алмайды деген болжам айтады.
2017 жылы қараша Зимбабве әскерилері президент сарайын бақылауға алып, елді 40 жылға жуық басқарған 93 жастағы Роберт Мугабе мен оның әйелін үйқамаққа алған. Бірнеше күннен кейін Мугабе отставкаға кетуге көнген. Әскери төңкеріске дейін Мугабе вице-президент қызметінен алып тастаған Эммерсон Мнангагва Зимбабведе жаңа сайлау өткенге дейін уақытша президент міндетін атқарушы ретінде ант берген.