Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 25 маусымда Оралда арнайы операция жүргізіп, "радикалдық діни топ мүшесі" деген күдікпен сегіз адамды тұтқындағанын хабарлады. Күдіктілерден "атыс қарулары, оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер" тәркіленген.
"Аталған адамдар Қазақстан аумағында қатарынан бірнеше теракт жасауға дайындалды, терроризмді насихаттады және басқа да қылмыстар жасады деген күдікке ілінген" делінген ҰҚК хабарламасында.
Арнайы қызмет бұл факт бойынша соталды тергеу басталғанын айтып, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.
ҰҚК Қазақстанның түрлі аймағында әлсін-әлсін арнайы операция жүргізіп, экстремизм мен терроризмді насихаттады, "әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырды" деген күдікпен ондаған адамның ұсталғанын хабарлап тұрады.