Қазақстан инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанада үкімет отырысынан соң журналистерге Жамбыл облысында болған пойыз апатына "жолдың жай-күйі" себеп болған деп болжанып отырғанын айтты.
"Негізгі нұсқа - жол жағдайы. Көктемде жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына, күнделікті тексеруге, ол жолдардың күтіміне қатысты сұрақтар бар" деді Жеңіс Қасымбек журналистерге.
17 маусым күні сағат 13:25-те Жамбыл теміржол бөлімінің Сарышаған - Шу бөлігінде Астанадан Алматыға келе жатқан №9 жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен. 20 вагон рельстен шығып кетіп, екеуі жанына аударылған. Төтеншге оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, 23 жолаушы жараланған.
Қазір арнайы комиссия апат себептерін тексеріп жатыр.