Нидерланд парламентінің бірінші палатасы қоғамдық орындарда әйелдердің бетін бүркеп алатын киім киюіне тыйым салуды қолдап дауыс берді. Жаңа заң бойынша, қоғамдық көлікте, мектепте, ауруханалар мен мемлекеттік мекемелерде паранжа, ниқаб және чадра киюге болмайды. Заңды бұзған адамға 400 еуро көлемінде тыйым салынады.
Жаңа заң 2019 жылдың басынан қолданысқа енеді деп жоспарланып отыр. Германиялық DPA агенттігінің мәліметінше, Нидерландыда бетін тұтастай бүркейтін мұсылман үлгісінде киінетін 400-ге тарта әйел бар. Нидерланд парламентінің екінші палатасы мұндай заңды 2016 жылы қабылдаған.
Биыл мамырдың соңында Дания парламенті де қоғамдық орындарда бет-әлпетті тұтас бүркейтін киімдер, оның ішінде ниқаб пен бурка киюге тыйым салатын заң қабылдаған.
Бұған дейін Австрия, Бельгия және Францияда, Швейцария мен Испанияның бірнеше ауданында және Канаданың Квебек провинциясында қоғамдық орындарда бет-әлпетті жауып тұратын киім мен бас киім киюге тыйым салынған.