АҚШ Мемлекеттік департаменті адам саудасы жөніндегі жыл сайынғы есебінде Беларусь, Иран және Түркіменстанды адам саудасы құрбандарын қорғау туралы ең қарапайым заңдарды қатаң бұзушы елдер деп таныды. Есепті 28 маусым күні Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен АҚШ президентінің кеңесшісі Иванка Трамп таныстырды.
Адам саудасы жөніндегі есепте қамтылған 187 ел үкіметтің адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекті жоюдағы талаптарды қалай орындап жатқанына байланысты бірнеше топқа бөлінген.
Адам саудасын болдырму талаптарын орындау көрсеткіші ең төмен 22 елдің қатарында Ресей, Беларусь, Иран, Түркіменстан, Қытай, Солтүстік Корея, Сирия, Венесуэла және Мьянма бар. Ресей үкіметі "адам саудасын жоюдағы ең қарапайым талаптарды орындамай отыр делінген есепте. Ресей адам саудасын жою талабын бұзушы елдер қатарына осымен алтыншы жыл қатарынан еніп отыр.
Қазақстан есепте тиісті талаптарға жартылай жауап бере алмайтын, бірақ ол стандарттарды сақтауға күш жұмсап жатқан елдер тобына енгізілген. Бұл топта Ауғанстан, Албания, Армения, Әзербайжан, Косово, Македония, Молдова, Пәкістан, Румыния және Сербия бар.
Тиісті стандарттарды сақтайтын елдердің алғашқы тобында 39 мемлекет (көбі - Батыс елдері) бар. Бұл топқа сонымен қатар постсоветтік елдер арасынан жалғыз ел - Грузия ғана енген.