Антарктидада Жер бетіндегі ең төменгі ауа температурасы тіркелді

Антарктида (Көрнекі сурет).

Зерттеушілер Антарктидада Жер бетіндегі ең төмен температура - Цельсий бағаны бойынша -98,6 градус суықты тіркеді. Колорадо штаты университетінің ғалым Тед Скамбоса жетекшілік ететін зерттеу тобы Оңтүстік континенттің мұзды қабаттарына спутниктен талдау жасаған кезде рекордтық ең төменгі температураны анықтаған.

Ғалымдар өздерінің зерттеуі туралы есепті "Жер және ғарыш туралы ғылымның келешегі" журналында жариялады.

Ғалымдар оңтүстік полярлық аймақта 2004-2016 жылдары ауа температурасының минус 90-нан төмендегенін кем дегенде 150 рет тіркеген.

Осыған дейінгі ең төменгі температураны 1983 жылы Антарктидада ресейлік "Восток" зерттеу станциясы тіркеген. Ол кезде термометр бағаны минус 89,2 градусты көрсеткен.