АҚШ Энергетика министрлігі мен әскери-әуе күштері B61-12 гравитациялық бомбасын ядролық зарядын қолданбай екі рет сынақтан өткізді. АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік бойынша ұлттық әкімшілігінің хабарлауынша, сынақ 9 маусым күні Невада штатындағы полигонда өткен. Ұлттық әкімшілік басшысы көмекшісінің орынбасары генерал Майкл Луттон B61-12 бомбасының құрылымы кешенді талаптарға сай келетінін және оның қызмет ету мерзімін ұзарту ұлттық қауіпсіздік талаптарына жауап бере алатынын айтады.
B61-12 бомбасының әрекет ету мерзімін ұзарту бағдарламасы АҚШ-тың ядролық үштік элементін қолдайтын бағдарлама саналады. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бағдарлама бомбаның қауіпсіздігі мен сенімділігін де арттырады.