KASE: Теңге бағамы аздап төмендеді

Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессияда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 342 теңге 97 тиынға жетті. 2 шілдеде күндізгі сессияда доллар 341 теңге 43 тиын болған. Күндізгі саудада 79,95 миллион доллар сатылған.

Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 343-344 теңге аралығында сатылып жатыр.