Санкт-Петербург соты Навальныйдың жақтасына айыппұл салды

Санкт-Петербургтегі Ресей президенті Владимир Путинге қарсы "Он нам не царь" акциясы. 5 мамыр 2018 жыл.

Санкт-Петербург соты оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жергілікті штабының үйлестірушісі Денис Михайловты "көпшілік іс-шара өткізу тәртібін бұзды деп айыптап, 300 мың рубль айыппұл салды. Михайловқа 5 мамырда өткен "Он нам не царь" акциясына қатысқаны үшін айып салынып отыр.

Денис Михайлов 4 маусым күні - президент Владимир Путиннің төртінші мерзімге ел басқаруына қарсы акциядан бір ай өткен соң ұсталып, "көпшілік іс-шара өткізудің тәртібін екінші рет рет бұзды" деп айыпталған. Ертесі күні Санкт-Петербургтің Смольнинский аудандық соты Михайловті 25 тәулікке қамаған. Белсенді қамаудан босап шығатын күні абақтыда оған жаңа хаттама толтырылған. Оған сол акцияны ұйымдастырғаны үшін 30 тәулікке дейін қамалу қаупі төнген.

Аексей Навальный мен оның жақтастары ұйымдастырған "Он нам не царь" акциясы Ресейдің 27 қаласында өткен. "ОВД-Инфо" сайтының мәліметінше, акциялар кезінде 1600-ге тарта адам ұсталған. Олардың үшеуіне "бұзақылық" және полиция қызметкеріне күш қолдану" баптары бойынша іс қозғалған.