Түркістан облысында ішек инфекциясын жұқтырғандар көбейді

Көрнекі сурет.

Түркістан облысында күн сайын оннан аса адам жедел ішек инфекциясын жұқтырып жұқпалы аурулар ауруxанасына түсіп жатыр. Бұл туралы шілденің 3-і күні Азаттыққа облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз xатшысы Мира Мүсілім айтты.

Мира Мүсілімнің сөзінше, облыста 21-28 маусым аралығында жедел ішек инфекциясын жұқтырған 61 адам тіркелген. Олардың 41-і - 14 жасқа толмаған балалар.

- Шымкент жұқпалы аурулар ауруxанасына 25-28 шілде аралығында жедел ішек инфекциясын жұқтырған 102 адам түсіп, емделіп жатыр. Ал соңғы екі күнде 20 адам жедел ішек инфекциясын жұқтырғаны анықталды, - дейді ол.