Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Конгрессі делегациясымен кездесуде конгрессмендердің Ресейге сапары екі елдің парламентаралық диалогын қалпына келтіруге септесетінінен үмітті екенін мәлімдеді. Бұл жайында ол АҚШ сенаторларымен кездесуінде айтты.
3 шілде күні конгресс өкілдері Мемлекеттік думада кездесулер өткізуі тиіс. Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володиннің хабарлауынша, кездесу жабық өтеді, БАҚ өкілдері қатыстырылмайды.
2 шілде күні делегация басшысы сенатор Ричард Шелби конгрессмендер Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуді күтіп жүргенін айтқан.