АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық ықпалды екі басылым – The New York Times және Washington Post газеттері жақын болашақта құлдырап, жеті жылдан соң "бизнестен шығады" деп санайды.
"Twitter жалған аккаунттардан рекордтық жылдамдықпен арылып жатыр. Солардың қатарын, меніңше, ешқашан өмірде болмаған анонимді дереккөздерге сілтеме жасағыш жолы болмайтын The New York Times пен пропаганда машинасы Washington Post та толықтыра ма екен? Олар енді жеті жылдан соң бизнестен шығады!", - деп жазған Трамп Twitter әлеуметтік желісінде.
Дональд Трамп 2016 жылы АҚШ президенті сайлауы науқаны барысында "көбі жалған хабар тарататын" бұқаралық ақпарат құралдарын сынап-мінеген. Сайлау кезінде Трамптың бәсекелесі Хиллари Клинтонға қолдау білдірген көптеген БАҚ Трамп президент қызметіне кіріскеннен кейін оның әкімшілігінің жұмысын сынап келеді.
Ақ үй басшысы қырына алған америкалық басылымдар АҚШ сайлауына араласып, оның жеңіске жетуіне жәрдемдескен болуы мүмкін деген күдікке қалған Ресеймен Трамптың ықтимал байланысы туралы материалдар жариялаған. Мәскеу өзге мемлекеттердегі сайлауларға араласады деген айыптауларды жоққа шығарады.