Тәжікстанда дін қызметкерлерін мұражайға баруға міндеттеді

Душанбеде мұражай аралап жүрген имамдар. Тәжікстан, 12 шілде 2018 жыл.

Тәжікстан мешіттерінің имам-хатибтері бұдан былай міндетті түрде мұражайға барып тұруы тиіс деп мәлімдеді Тәжікстан үкіметі жанындағы діни істер жөніндегі комитеттің баспасөз хатшысы Афшин Муким.

"Діни қызметкерлер отанының тарихын, ата-бабаларының мәдениетін білуі тиіс. Біздің ата-бабаларымыз әлемді тану арқылы түрлі соғыстарды бастап кешіре отырып, мәдениетімізді, тілімізді сақтап қалды. Өз халқыңның тарихын білу өзге халықтың да діни наным-сенімін түсінуге жол ашады",- деді ол.

Таяуда ғана Гиссар қаласының 116 діни қызметкері Душанбедегі ұлттық мұражайға барған. Осыған дейін Душанбе, Вахдат және Варзоб ауданы имамдарына арнап экскурсия жасалған. Биыл Тәжікстандағы төрт мыңға жуық имам-хатибтың бәрі де мұражайға баруға тиіс.

Былтыр Тәжікстанда билік имамдарды театрларға баруға міндеттеген.

Тәжікстан мешіттерінде жұмыс істейтін діни қызметкерлер 2014 жылдан бері мемлекеттік бюджеттен жалақы алады.