Алматыдан 259 шақырымда жер сілкінді

Көрнекі сурет.

Бүгін түнде Астана уақытымен сағат 2:22 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 259 километр қашықтықта 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 15 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.1.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.