ВИЧ инфекциясы бар ресейліктер БҰҰ-ға шағынды

Көрнекі сурет.

ВИЧ инфекциясын жұқтырған ресейліктер қауымдастығы антиретревирустық терапияның, иммундық статус пен вирус жүктемесін тексеру тестінің қолжетімсіздігін айтып, Біріккен ұлттар ұйымының азаптау жөніндегі комитетіне шағынды.

Қауымдастық дайындаған баяндамада "мұндай кедергілерге көбіне қамауда отырғандар мен белгілі бір қалаларда тұрақты тіркеуі жоқтар ұшырасады" деп жазылған. Авторлардың жазуынша, "тест жасаудан бас тартуға дискриминация себеп, осы арқылы ауруханалар ВИЧ инфекциясы бар адамдарды артық ауруға шалдықтырып, азаптайды".

"Мәселен, 2012 жылы Мәскеу облыстық №6 тергеу изоляторында қамауда отырған азамат сұратқан емін ала алмай, қиналған. "Құқық аймағы" ұйымының құқық қорғаушылары "тоғыз ай бойы ешбір ем алмаған және бір науқас" деп жазады шағым авторлары.

Құқық қорғаушылардың жазуынша, Жазаны орындау федералды қызметінің "түрмеде қаза табатын азаматтардың 25 пайызы ВИЧ-пен ауырған" деген дерегі бар.

Азаптауға қарсы конвенциясының 1-анықтамасы мен 16-бабында "бостандығынан айыру мекемелерінде ВИЧ-ті тексеру мен емдеуден бас тартуға болмайды" деп жазылған.