Банктер бір долларды 348 теңгеге сатып жатыр

Көрнекі сурет

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңертеңгі сессияда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 346 теңге 30 тиынды құраған.

Қор биржасының ақпараты бойынша, күндізгі сессияда валютаның ең төмен бағамы 345,90 теңге болса, ең жоғарысы 346,50 теңгені құраған. Жабылу курсы – 346,30 теңге болған.

Қазір екінші деңгейдегі банктер бір долларды 348 теңгемен сатып жатыр. Ал Алматы мен Астананың айырбастау пунктерінде бір доллардың бағамы - 347,5 теңге.

16 шілдеде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевпен кездесуде "Белгілі бір деңгейде ауытқулардың болатынына үйрену керек. Бұл тұрғындардың әл-ауқатына әсер етпейді" деп айтқан еді.

Наурыз айында Қазақстанда бір доллардың құны 318 теңге болған. 24 шілдеде қор биржасында бір доллар 344.64 теңге болған.