Сәрсенбі күні Сирияның оңтүстік шығысындағы Эс-Сувейд қаласы мен оған жақын елді мекендерде болған бірнеше жарылыстан шамамен 96 адам қаза тауып, 176 адам жарақат алған. Бұл туралы Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасаған Reuters агенттігі хабарлады.
Шабуылдардың бірі қаладағы базарда болған. Шабуылды “Ислам мемлекеті” экстремистік ұйымы жасауы мүмкін деген болжам бар.