27 тамыз - 8 қыркүйек күндері Италияда өтетін Венеция кинофестивалінің 75 мерейтойлық бағдарламасы жарияланды. "Горизонт" конкурсында қазақстандық сценарист, режиссер Әмір Байғазин түсірген "Өзен" ("Река") фильмі көрсетіледі.
"Қазақфильмнің" хабарлауынша, Италияда бұл фильмнің әлемдік премьерасы болады. Фильмде өркениеттен алыс тұратын бес ағайындының өміріне қаладан келген қонақтың қалай әсер еткені көрсетіледі. Түсірілім Оңтүстік Қазақстанда болған. Фильмдегі рөлдерді кәсіби актерлер емес, кастингтен өткен адамдар сомдаған.
Қазақстан, Норвегия және Польша бірлесіп түсірген "Өзен" фильмі Германияның "Берлинале" кинофестиваліне де қатысты.
Венеция кинофестивалінің сайтының мәлімдеуінше, "Горизонт" (Orizzonti) конкурстық жобасына "халықаралық кинематография саласындағы ең үздік" деп танылған 18 фильм ғана іріктеліп алынады.
Ал кинофестивальдің негізгі байқауына 21 фильм қатысады. Фестивальді "Ла-Ла Ленд" фильмінің режиссері Дэмьена Шэзелла түсірген "Алғашқы адам" ("Первый человек") киносы ашады.