Ресейден келетін құс өнімдеріне шектеу енгізілді

Көрнекі сурет

Қазақстанның ауыл шаруашылық министрлігі бүгін Ресейдің үш облысынан келетін құс өнімдерінің импортына шектеу енгізгенін хабарлады. Министрліктің түсіндіруінше, бұған осы аймақта “жоғары патогенді құс тұмауының” тарауы себеп болған.

"Ресей Федерациясының Орел, Ростов және Нижегород облыстарында жоғары патогенді құс тұмауы вирусының жаңа жағдайының тіркелуіне байланысты, Қазақстан аумағына тірі құсты, инкубациялық жұмыртқасын, қауырсыны мен мамығын, құс еті мен құс өнімдерінің барлық түрлерін, термиялық өңдеуден өтпеген (кемінде 70°C), құстарға арналған азық қоспалары, таксидермиялық өңдеуден өтпеген аң аулау олжаларын (қанатты құс) импорттауға сонымен қатар, Ресей Федерациясының аталған аймақтарынан құстарды союда және бөлшектеуде қолданыста болған құрал-жабдықтарды пайдалануға уақытша шектеулер қойды" делінген министрліктің ресми вуебсайтында.

Құс тұмауы жедел вирустық ауру саналады. Ауру құс бірден жойылады. Құс тұмауы вирусы құстарға ғана емес, адамға да жұғуы мүмкін.