Эквадор президенті Ленин Морено WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды осы елдің Лондондағы елшілігінен шығару туралы бұйрық бермеген. Бұл туралы Эквадор елшілігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап жергілікті El Telegrafo басылымы хабарлады.
Мәлімдемеде Ассанжға қатысты шешім "Эквадор мен Ұлыбритания үкіметтері арасындағы келіссөздер негізінде қабылдануы тиіс" екендігін айтылған. Осының қарсаңында президент Морено Эквадордың Лондондағы елшілігін паналаған Ассанж онда "мәңгі отыра бермейді» деп мәлімдеген.
Бұған дейін БАҚ Ассанжды жақын уақытта Эквадордың Лондондағы елшілігінен шығаруы мүмкін деп хабарлаған. Елшілікті 2012 жылдан бері паналап отырған Джулиан Ассанж ол жерден шығатын болса британ билігі оны Швеция үкіметінің сұратуы бойынша ұстап, одан кейін АҚШ-қа тапсыруы мүмкін деп қауіптенеді. АҚШ-та Ассанжға құпия ақпаратты таратқан деген айып тағылған.
Биыл көктемде Эквадор елшілігі Ассанжды интернет байланысынан ажыратып тастаған. Сол кезден бастап БАҚ Ассанжды паналап отырған жерінен шығармақшы деп бірнеше рет хабарлаған.