Кіші Памирдегі қырғыздар хан сайлады

Памир қырғыздары.(Көрнекі сурет)

Ауғанстан аумағындағы Кіші Памир тауын мекендейтін этникалық қырғыздар 44 жастағы Ажыбото Абдилгани уулун өздеріне хан етіп сайлаған. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне осы аймақта тұратын Абдулуахит Жээнбек уулу хабарлаған. Оның айтуынша, жаңа ханның көмешкісі болып Молдо Абдулхақ бекітілген.

Фотогалерея. Памир асқан қырғыздар:

Памир асқан қырғыздар

Кіші Памир қырғыздарының хан сайлау рәсіміне Ауғанстанның жергілікті ресми билік өкілдері де қатысқан.

Бұған дейін Кіші Памирдегі 400-ге жуық отбасы болатын этникалық қырғыздарды бес жылдай Ералы хан басқарған. Биыл шілденің 15-і күні 68 жастағы Ералы ханның қайтыс болғаны туралы хабар тараған.

Оқи отырыңыз: Памир қырғыздарының Нарындағы өмірі

20-ғасырдың екінші жартысында Ауғанстандағы этникалық қырғыздардың басшысы Рахманқұл хан Совет үкіметі Ауғанстанға әскер кіргізгеннен кейін қоластындағы халқының бір бөлігін ертіп Пәкістан аумағына көшіп барған. Кейін олардың көпшілігі БҰҰ-ның жәрдемімен Түркияға Рахманқұл ханмен бірге қоныс аударған.